Қызылордада жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды
Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.
Фото: Қызылорда облыстық Полиция департаменті
10:25 05.06.2024
Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылы тұсындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған. «Toyota Alphard» автокөлігі жол бойында сиыр малына соққан.
«Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!