{metadescription}
Керекуде егіс даласында картоп егіп жүрген 9 шетел азаматы ұсталды

Керекуде егіс даласында картоп егіп жүрген 9 шетел азаматы ұсталды

Ұсталғандар Өзбекстан елінің азаматтары. Олар Қазақстан аумағында тиісті құжатсыз жұмыс істеп келген.

Заңсыз мигранттар Ақсу қаласы ауылдық аймағындағы шаруашылықтың егіс даласында картоп егумен шұғылданған.

«Суармалы алқаптарды тексеру кезінде тиісті құжаттарсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 9 азаматы анықталды. Заңнаманы бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотта қаралып, сот шешімімен барлығы ел аумағынан шығарылды», — деп хабарлады Ақсу қаласы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Шетелдік азаматтарды шаруаға тартқан, бірақ олардың ел аумағында болуын заңдастыруға үлгермеген жұмыс беруші де жазасыз қалмады. Оған 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде