11 кенші метаннан уланып көз жұмды
Кветта қаласының маңындағы (Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясы) шахтада метаннан улану салдарынан 11 кенші қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап «Ховар» агенттігі жазды.
Фото: freepik.com
13:50 05.06.2024
«Метанның жиналуы адамдардың өліміне әкелді», – деді Белуджистан провинциясы үкіметінің шахталардың бас инспекторы Абдул Гани Какар.
Кеншілер шамамен 450 м тереңдікте жұмыс істеген. Ал құтқару топтары бірнеше сағаттық жұмыстан кейін олардың денесін алып шықты. Бас шахта инспекторы апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізілетінін қоса кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!