{metadescription}
Алматыдағы Сейфуллин-Жансүгіров қиылысында көлік қозғалысы өзгереді

Алматыдағы Сейфуллин-Жансүгіров қиылысында көлік қозғалысы өзгереді

Алматыда жолайрық құрылысына байланысты Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында көлік қозғалысына кезең-кезеңмен шектеулер енгізіледі. 

Мәселен, 7 маусымнан бастап Сейфуллин даңғылының оңтүстігінде Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтпелі қозғалысы шектеледі. Қозғалыс Жансүгіров көшесінен Сейфуллин даңғылына және Сейфуллин даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі жол айрығының съездері бойынша қамтамасыз етіледі.

«14 маусымнан бастап Сейфуллин даңғылының солтүстігінде Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Қозғалыс съездер бойынша қамтамасыз етіледі. Бұл сызба 1 қыркүйекке дейін жарамды болады», - деп хабаралады әкімдіктен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде