Қазақстанда есепшілер бюджеттен 2,8 миллиард теңгені жымқырған
Түркістан облысының прокуратурасы 2,8 миллиард теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
18:45 05.06.2024
Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында көптеген заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыруды анықтаған.
"Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерімен 2,8 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.
Осы факт бойынша құжаттар СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша тіркеліп, тергеуді Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!