{metadescription}
Павлодарлық шенеуніктер жетім жігітті үй кезегінен алып тастаған

Павлодарлық шенеуніктер жетім жігітті үй кезегінен алып тастаған

Жетімдер үйінде тәрбиеленіп шыққан азамат кәмелет жасына толған соң Екібастұзға барып жұмыс істеген.

Оның сол жақта уақытша тіркелуіне байланысты жергілікті комиссияға баспанаға тұрған кезегінің күшін жойып тастаған, деп жазады kazinform.

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарып тастау фактісі бойынша сот ісі қаралды.

Белгілі болғандай, талап қоюшы Павлодар қаласында 2009-2016 жылдар аралығында жетім балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеленген.

Сол кезеңде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекке қойылған. Кәмелетке толған соң Павлодар қаласында жалдамалы баспанада тұра бастайды.

Ал жұмысқа тұру үшін Екібастұз қаласында уақытша тіркелген. Бірақ тұрақты тұрғылықты жері болмаған.

Өз кезегінде Павлодар қалалық тұрғын үй комиссиясы талап қоюшыны басқа елді мекенге тұрақты тұруға кетуіне байланысты кезектен шығару туралы шешім қабылдаған.

«Сот шешімімен талап қоюшының тұрғын үй құқығы қалпына келтірілді. Себебі жұмыс орны бойынша уақытша тіркеуге тұру азаматтың тұрақты тұрғылықты жері болып табылмайды. Сот тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және тұрғынжай алғанға дейін есепке қойылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар есептен шығарылып тасталуға жатпайтындықтан „Тұрғын үй қатынастары туралы“ заңның 73-бабы 1-тармағының нормаларын қолдануды орынды және әділ деп санады» деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.