{metadescription}
Ленин шахтасындағы жарылыс: айыптыларға сот үкімі шықты

Ленин шахтасындағы жарылыс: айыптыларға сот үкімі шықты

Шахтинск қаласында орналасқан Ленин атындағы шахтада метан жарылу фактісі бойынша 4 адамнан үстінен қылмыстық іс қозғалған, деп жазады Kazinform.

Бұл туралы Шахтинск қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Шахтаның бас инженері тағы үш адамға Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3 бөлігі бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айып тағылған.

Прокурор Л.-ға -7 жыл, А., Б., З.-ға - 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап заң бойынша жаза тағайындауды сұраса, қорғаушы тарап сотталушыларды ақтауды сұраған.

Сотталушы А.-ның жас баласы бар, ол Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп танылған, осыған орай А. үшін жаза 4 жылдан бас бостандығынан айырудан аспауы керек.

Сотталушылар Л, Б және З-ның да бұрын соттылығы жоқ, жұмыс және тұрғылықты жері бойынша оң еңбек өтілі бар, шахтер ретіндегі еңбегі үшін марапатталған.

Сот жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Л.-ға – 5 жыл, А.-ға – 4 жыл, Б. мен З.-ға – 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде