{metadescription}
Оралда қайтыс болған судьяның ұлы сот арқылы 48 млн теңге өндірді

Оралда қайтыс болған судьяның ұлы сот арқылы 48 млн теңге өндірді

Оралда қайтыс болған судьяның ұлы сот арқылы 48 млн теңге өндірді. 

Kazinform бұдан бұрын жазғанындай, Орал қалалық сотының судьясы Нұрлан Ғұбашев 2023 жылы 10 наурыз күні таңмен көз жұмған болатын. 1968 жылғы ер адам жұмыс орнында ес-түссіз құлап, жүрегі тоқтап қалғандықтан, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен еді.

Комиссия жазатайым оқиғаның оның еңбек қызметіне байланысты еместігін алға тартып, есепке жатпайды деген қорытындыға келген. Бас еңбек инспекторы комиссияның шешімін дұрыс деп тапқан. 

Мұнымен келіспеген судьяның ұлы сотқа жүгінген. 

Сотта анықталғанындай, судья жоғары оқу орнында білім алатын ұлын жалғыз өзі тәрбиелеген. Талап арыз беруші әкесінің өлімі қызмет бабын атқару кезінде болған деп танып, соттан Н.Ғұбашевтің Орал қалалық тергеу сотының төрағасы қызметін атқарған кезіндегі айлық жалақысының алпыс еселенген көлемінде 48 млн 47,340 мың теңгені біржолғы өтемақы есебінде өндіруді өтінген. Судьяның айлық жалақысы 800 789 теңге болған.

Сотта жауап берген тергеу сотының қызметкерлері судья Н.Ғұбашевтің 10 наурыз күні материалды қарау кезінде сот шешімін шығару үшін кабинетіне кеткенін айтты. Нормативтік-құқықтық актілерді зерттеу кезінде ол үстелге еңкейіп, қорылдап, сосын еденге құлап түскен. Сол бойда жедел жәрдем шақырылған. Келген дәрігерлер оның өлімін тіркеген. Куәлар сол күні сотта өте үлкен жүктеме болғанын мәлімдеген. 

Істі қараған Орал қаласы №2 соты Нұрлан Ғұбашевтің өлімі қызметтік міндетін атқару кезінде болған деп танып, ұлының пайдасына БҚО сот әкімшілігі департаментінен 48 млн 47,340 мың теңгені өндіру жөнінде шешім шығарды.

Сот шешімі күшіне енді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде