Алматыда тағы бір көше 3 айға жабылады
Алматыда Жүргенов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп жазады kazinform.
Фото: Александр Павский/ Kazinform
11:42 07.06.2024
8 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Медеу ауданында Жүргенов көшесі бойынша Жетісу көшесінен Тянь-Шань -Жангелдин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі.
Қозғалыс екі жаққа да жабылады.
«1988 жылы пайдалануға берілген, аталған көшенің жүріс бөлігінің астынан өтетін ұзындығы 695 метр құбырды реконструкциялау учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС
Бұл құбыр 18 көппәтерлі тұрғын үйді, 61 жеке үйді, 1 балабақшаны, 1 мектепті және 13 өзге де объектілерді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Жоғарыда көрсетілген тұтынушлар реконструкция кезінде ыстық сумен жабдықталады.
«Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз»,- деп атап өтті «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!