БҚО-да 3500 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды
БҚО Қаратөбе ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына қатысты жүргізген бақылау нәтижесінде қолданбай келген шаруашылықтар анықталды, деп жазады kazinform.
Фото: Kazinform
12:49 07.06.2024
Бұл туралы БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын талдау барысында ауданда жер телімін қолданбай келген шаруашылықтар анықталып, қабылданған шаралар нәтижесінде 3500 га астам жер телімі мемлекетке қайтарылды», — делінген хабарламада.
Қайтарылған жерлердің жалпы кадастрлық құны 45 млн теңгеден астам соманы құрады.
Осы орайда Қаратөбе ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылық тауар өндірішулеріне жер телімдерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мақсаты бойынша пайдалану қажеттігін түсіндіреді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!