{metadescription}
Павлодарда техникалық қызмет көрсету орталығы көліктермен бірге отқа оранды

Павлодарда техникалық қызмет көрсету орталығы көліктермен бірге отқа оранды

Тілсіз жау көлік боксындағы 150 шаршы метр жерді шарпыған.

Өрт сөндірушілер ғимарат ішінен газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды, деп жазады kazinform. Облыс орталығында техникалық қызмет көрсету орталығы өртенді. Ғимарат ішінде болған 2 көлік және құрал-саймандар жанған. 

«7 маусым күні сағат 04.33-те 101 пультіне Павлодар қаласы Транспортная көшесінде орналасқан ТҚО боксы жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілері бір қабатты бокс ішінде 2 автокөліктің, жабдықтар мен саймандардың жанып жатқанын анықтады. Оқиға орнында Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 бірлік техникасы және жеке құрамнан 19 адам жұмыс істеді. Өрт сағат 04.52-де оқшауланып, 05.02-де жойылды», - деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінен.

Өрттің ауданы 150 шаршы метр болған. Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде