{metadescription}
Алматы облысында тағы да су құбыры жарылды

Алматы облысында тағы да су құбыры жарылды

Сусыз қалған Алматы облысының тұрғындары әкімдікке шағымданып, әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады.

Бейнероликтен Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары су тасушы көліктің қызметіне жүгінгенін көруге болады. Айтылған жағдайға байланысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді. Әкімдік мәліметіне сәйкес, аймақты сумен қамтамасыз етіп отырған «Таусамалы Қызмет» компаниясының су құбыры екі рет жарылған.

«Қарасай ауданының әкімдігі 6 маусым күні Райымбек ауылдық округінің Жаңатұрмыс ауылындағы су құбырының жарылуына байланысты «Таусамалы Қызмет» МКК авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгенін хабарлайды. Апат жойылып, сумен жабдықтау қалпына келтірілген. Алайда 7 маусым күні сол жерде тағы да апат болды. Қазіргі уақытта «Таусамалы Қызмет» МКК бригадасы апат орнында жұмыс істеп жатыр. Авариялық жұмыстар 07.06.2024 ж. сағат 16:00-ге дейін аяқталады деп жоспарланған. Сумен жабдықтаудың үзілуіне байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп мәлімдеді облыс әкімдігінен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.