Қор нарығында доллар қымбаттап жатыр
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
17:39 07.06.2024
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,47 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 447,37 теңге.
Ұлттық банктің 5 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 446,89 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5, 04 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 447,6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 448,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445 теңге, сатып алу құны – 450 теңге.
Ресей рублі 4,97 - 5, 07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!