{metadescription}
Ақтөбеде жоғалған ерекше баланың денесі табылды

Ақтөбеде жоғалған ерекше баланың денесі табылды

Ақтөбеде үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған 13 жастағы ерекше баланың денесі өзеннен табылды.

Айта кетейік, баланың денесі су бетіне қалқып шыққан.

Іздестіру іс-шарасының төртінші күні кәмелетке толмаған Жетру Кәрімнің денесі Юрта мейрамханасының маңындағы Елек өзенінен табылды. Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді.

Баланы іздеуге 500 ге жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ қызметтік иттер және 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары жұмылдырылды.

Сонымен қатар үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексерілді. Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады.

Ақтөбе облысының полиция департаменті Жетру Кәрімнің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде