{metadescription}
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі тағайындалды
Бүгін, 10 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі тағайындалды.
Фото: СЦК
11:18 10.06.2024
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Қуанышбек Есекеев 2010 жылдың наурыз айынан бастап "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!