{metadescription}

Жетісу облысында мемлекеттік қызметкер мас күйінде көлік жүргізген

Ішімдік ішкен күйде темір тұлпар мінген Қазақстан халқы Ассамблеясының белді өкілі, Жетісу облысы Қоғамдық келісім мекемесінің жетекшісі Руфина Усанова екені белгілі болды. Оны патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, үстінен хаттама толтырған.

Десе де, 39 жастағы әйел полицейлер мен сотқа «еш жерде жұмыс істемеймін» деген. Осылайша, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 73 840 теңге айыппұлмен құтылған.

Айта кетейік, Руфина Усанова Жетісу облысындағы «Достық үйінде» былтырдан бері директор қызметін атқарып келеді.

Ал, Жетісу облыстық Қоғамдық даму басқармасы осы іске қатысты қызметтік тексеру жүріп жатқандығын айтты.

Дереккөз: Kazinform   

КТК арнасының сайт редакциясы жалған ақпараты бар мақаланы жоққа шығарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде