Алматыда қыркүйекке дейін тағы бір көше жабылады
Алматыда Дунаевский көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.
Фото: Астана қаласының әкімдігі
08:08 11.06.2024
«Алматы жылу желілері» жауапркершілігі шектеулі серіктестігінің мәліметінше, Дунаевский көшесімен өтетін 1,2 шақырымнан астам құбыр ауыстырылады.
Осыған байланысты осы жылдың 11 маусымнан 15 қыркүйекке дейін Дунаевский көшесінің солтүстік жағымен Жароков көшесінен батыс бағытта көлік қозғалысы жабылады.
«Қозғалыс тек батыс бағытта жабылады. 11976 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көшенің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1240 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке үйді, 5 балабақшаны, 4 мектепті, 2 денсаулық сақтау объектісін және 15 өзге де объектілерді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен жабдықтау сақталады», — деп түсіндірді «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!