Каспий теңізінде жоғалып кеткен екі жігітті құтқарушылар аман алып қалды
Құтқарушылар Каспий теңізіде екі адамды аман алып қалды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото: Атырау облысының жедел штабы
09:45 11.06.2024
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Маңғыстау облысында түнде 1998 және 1996 жылы туылған екі жергілікті тұрғын sup boardпен сырғанауға теңізге барған.
Алайда ағын жастарды теңізге алып кеткен. Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа жуық созылды. Жұмысқа құтқарушылардан басқа, әскери теңізшілер де тартылды, олар таңға қарай жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында жоғалған адамдарды тапты.
Адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!