{metadescription}
Қостанайда радикалды діни ағымды насихаттаған тұрғын ұсталды

Қостанайда радикалды діни ағымды насихаттаған тұрғын ұсталды

30 жастағы Қостанай тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмге үгіттейтін ақпарат таратқан.

Сондай-ақ, ол өзге дін өкілдеріне қарсы зорлық–зомбылықты насихаттайтын материалдарды жүктеген. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Ол бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін жаза арқалайды», - деді Қостанай облысы ПД басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде