Қазақстанда дәрі-дәрмек биыл тағы қымбаттауы мүмкін
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында дәрі-дәрмектің бағасы жөнінде пікір білдірді.
Фото: Pixabay
17:18 11.06.2024
Министрдің айтуынша, былтыр кейбір дәрі-дәрмектің бағасы 14 процентке көтерілген. Биыл дәрі бағасын реттеудің екінші кезеңі жоспарда тұр.
«Мен айтып отырған бағаны реттеудің екінші кезеңіне биыл 1 767 дәрі түрі кіреді. Бірақ бірінші жартыжылдықта олай істеген жоқпыз. Өйткені талдау жасауға кірісіп кеткен едік. Бұл талдау шараны халық үшін барынша жұмсақ, зардапсыз қылу үшін жасалып жатыр», - деді министр.
Министр дәрі бағасының жаздан бастап қалай өзгеретінін нақты болжай алмайтынын айтты.
«Баға өседі немесе өспейді деп үзілді-кесілді айта алмаймын. Талдау әлі аяқталған жоқ. Сондықтан барынша оңтайлы шешім қабылдаймыз деп ойлаймын», - деді Ақмарал Әлназарова.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!