Енді қатерлі ісікке шалдыққан науқастар call-орталыққа хабарласып, көмек сұрай алады
Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша нөмірі 8 (7172) 570 950болатын республикалық call-орталықтың жұмысын бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фото: Kazinform
09:09 12.06.2024
«Осы нөмірге хабарласып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініш қалдыруға болады, оның ішінде емделуден және көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады», — делінген хабарламада.
Әрбір шағым мұқият қаралып, тиісті медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!