Елорда тұрғынын темекі бермегені үшін пышақтап тастаған
Бұзақы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасынан хабарланды, деп хабарлайды kazinform.
Фото: Pixabay
19:39 13.06.2024
Ақпаратта айтылғандай, оқиға түнгі клубта болған.
«Кінәлі мас күйінде жәбірленушіден темекі сұраған, бас тартқан соң, оның өмірлік маңызды органдарына пышақпен көптеген дене жарақатын салған. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келді», — делінген хабарламада.
Жәбірленуші жедел медициналық көмектің арқасында аман қалған.
«Сотталушы кінәсін мойындамағанына қарамастан мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін толық дәлелдеді. Құқық бұзушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды», — дейді елорда прокуратурасынан.
Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура кез келген жанжалдың салдары тек әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелетінін ескертеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!