Аягөз гарнизонында сарбаз қайтыс болды
Қорғаныс министрлігі бүгінгі сарбаз өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Фото: istockphoto.com
08:43 14.06.2024
13 маусым күні оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімнің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмған.
Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, аталған факті негізінде қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалған.
«Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылады. Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтады», — дейді генерал-майор.
Марқұмның отбасына министрлік тарапынан бүкіл көмек көрсетіледі.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары