Түркістанда бір жастағы сәби тауықтың сүйегін жұтып қойды
Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-эндоскописты Бабуржан Рахманқұлов 1 жас 3 айлық бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды. Дәрігер сәбидің тыныс алу жолына тұрып қалған тауықтың сүйегін алып тастады.
09:36 14.06.2024
Анасының айтуынша, бала кешкі сағат 22:00 шамасында полиэтилен пакетімен ойнап отырып, тұншыға бастаған. Жөтелден кейін өкпесінде сырылдар пайда болып, демала алмай қалыпты.
Жағдайының нашарлауына байланысты «Мақтаарал» орталық ауруханасына жүгінген. Ауыр халдегі сәби бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Санитарлық авиация желісі арқылы облыстық балалар ауруханасының балалар торакальды хирургы мен реаниматологы ауруханаға жіберілді. Шұғыл түрде зерттеу өткізіліп, бронхоскопия арқылы сол жақ негізгі бронхтан тауықтың сүйегі алынды. Нәтижесінде қауіп сейіліп, баланың денсаулығы қалыпты жағдайға түсті.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!