СҚО-да бір отбасы астан уланды: 2 бала қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында астан уланған бір отбасы ауруханаға түсті. Екі баланы дәрігерлер ажалдан құтқара алмады.
12:19 14.06.2024
Оқиға 13 маусым күні Қызылжар ауданы Надежка елді мекенінде болған.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта отбасының уланып, 3 және 6 жастағы екі баланың қайтыс болуына және тағы үш адамның ауруханаға түсуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы дерек бойынша тексеріс басталды, тамақтың сынамасы алынып, зертханаға жіберілді.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!