Атырауда 4 жасар бала 10-қабаттан құлап, мерт болды
Атырау қаласында 4 жасар бала тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап, мерт болды.
18:27 14.06.2024
Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға бүгін, 14 маусымда болған.
«Бүгін сағат 9:00 шамасында Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің 10-қабатынан 4 жастағы ұл құлап кетті. Балақай оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдарын жүргізу жұмыстары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!