{metadescription}
Атырау облысында 3 көлік соқтығысып, шетелдік жолаушы көз жұмды

Атырау облысында 3 көлік соқтығысып, шетелдік жолаушы көз жұмды

Атырау облысында 3 көлік соқтығысты. Жол апатының салдарынан шетелдік 1 жолаушы көз жұмды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы бүгін, 15 маусымда болған.

«Жол апаты таңертеңгі сағат 06:30 шамасында Атырау-Доссор тас жолының бойында тіркеліп отыр. Бір мезгілде үш көлік – КамАЗ, ПАЗ – 32053 және Daewoo Nexia соқтығысты. Жол апатының салдарынан Өзбекстан Республикасында тіркелген Daewoo Nexia автокөлігіндегі 1 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Марқұм – Өзбекстан Республикасының 1973 жылғы азаматы», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, үш көліктің бірі – КамАЗ жол жиегіндегі суға құлаған. Бұл жолдың бойына тасқын су тіреліп тұр. Жол апаты тіркелген тұста 496-теміржол бекеті бар.

Ал, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол апатына қатысты тергеу жүргізуді бастады.

Дереккөз: Kazinform   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде