Астанада жатақхана өртенді
Астана қаласының Сарыарқа ауданында ТЖ қызметкерлері жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Фото: Видео кадры
09:10 17.06.2024
Сарыарқа ауданында жатақханаға жабдықталған екі қабатты тұрғын үйдің және оның жанына салынған бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының өртенуі орын алды. Өрт сөндірушілер 150 ш.м.болатын жану алаңын толығымен сөндірді.
Зардап шеккен адам бар. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!