Павлодарда жан түршігерлік кісі өлімі болды
Павлодарда өтіп бара жатқан адамдардың көзінше ер адамды пышақтап өлтірді.
Фото: Видео кадры
14:12 17.06.2024
Оның үстіне оқиғаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған.
"Павлодарда кәмелетке толған ер адам белгісіз себептермен басқа адамның тамағын тіліп жіберіп, орындыққа жайлап барып, отырады", - делінген видеоның түсініктемесінде.
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Күдікті ұсталып, Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деді полиция департаментіндегілер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары