Қазақстанда ойын бизнесі және лотерея комитеті құрылады
Елімізде ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитетін қайта құруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
19:56 17.06.2024
«Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің құрамынан Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетін бөлу жолымен қайта құру туралы шешім қабылдады», - делінген құжатта.
Қаулы жобасын қабылдау аталған комитетке салалық мәселелерді дербес және тиімді шешуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!