Алматыда түнгі клубта есірткі сатқан ер адам сотталды
Алматыда есірткі сатушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі
10:33 18.06.2024
Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасынан мәлім еткендей, былтыр қыркүйек айында тәртіп сақшылары ойын-сауық мекемесінің аумағында синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігітті ұстаған.
«1996 жылы туған Р. есімді азамат түнгі клубқа келушінің атын жамылып, есірткі таратумен айналысқан. Ұсталған кезде, оны тінту барысында құрамында синтетикалық заты бар, ашық түсті, ұнтақ түріндегі байлам табылды. Шөп тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тіркелді», - деп атап өтті Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасынан.
Полициядан атап өткендей, сот үкімімен 28 жастағы Р. есімді азамат ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 6-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!