{metadescription}
Ақмолада алаяқтық жасады деген күдікпен түрме бастығы ұсталды

Ақмолада алаяқтық жасады деген күдікпен түрме бастығы ұсталды

Ақмола облысында алаяқтық жасаған деген күдікпен Степногор қаласының № 4 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Асылхан Биттігұлов ұсталды.

«Ақмола облысы бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобы мен Ақмола облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері бірлесіп, ҚР ҚК 190-бабында көзделген қылмыс жасады деген күдікпен Степногор қаласындағы № 4 мекеме бастығы, әділет подполковнигі Асылхан Биттігұловты ұстады», — деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде