{metadescription}
Министр Павел Дуровты Қазақстанға шақырды

Министр Павел Дуровты Қазақстанға шақырды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Telegram мессенжерінің негізін қалаған Павел Дуровпен бірге жұмыс істеуге ниетті. Жаслан Мәдиев оны Қазақстанға шақырған.

«Павелдің Орталық Азияға келгенін, Ыстықкөлге барғанын білемін. Мен оның тікелей жұмыс істейтін командасымен таныспын, Павел Дуровтың өзімен танысып үлгермедім. Дегенмен, біздің шақыртуымыз оған жеткізілді деп естідім. Алдағы уақытта ол Қазақстанға да келеді деп үміттенемін. Оған жеке өзім күш-жігерімді саламын. Талқылайтын тақырып көп, бірлескен зертханаларды іске қосқымыз келеді», - деді Ж. Мәдиев Үкімет үйінде өткен брифингте. 

Министр Telegram мессенжері – жоғары технологиялы компания екенін атап өтті. 

«Жақында олар блокчейн технологиялар, криптоиндустрия саласындағы компаниялармен интеграция бойынша бірқатар бастама жариялады. Блокчейн саласындағы қосымшаларға арналған платформаны іске қосуда. Сондықтан, жоғары технологиялық жобалар мен басқа да тақырыптарды белсенді талқылаймыз деп ойлаймын. Осы бағытта жұмыс істейміз», - деп толықтырды Цифрлық даму министрі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде