{metadescription}
Ерхат Исқалиев СК Фармация басқарма төрағасы қызметінен босатылды

Ерхат Исқалиев СК Фармация басқарма төрағасы қызметінен босатылды

«СК Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Исқалиев мерзімінен бұрын қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады. 

Ол Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 18 маусымнан бастап лауазымынан босаған.  

Ерхат Серікұлы 1976 жылы Алматыда туған.   

Ағайынды Карич университетінің Банк ісі және сауда академиясын (Югославия, 1998) банк ісі, бухгалтерлік есеп және аудиттегі экономист-менеджер, Халықаралық бизнес академиясын (ХБА) (2007-2009) корпоративтік менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты, PhD. 

Академиялық дәрежесі — іскерлік әкімшілендіру докторы.

Еңбек жолы:

Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші, бас маманы (1998-1999);

Атырау облысы экономика басқармасы бастығының орынбасары, қаржы басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);

Мемлекеттік кіріс министрлігі қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің директоры (01.2002-04.2002);

Қаржы министрлігінің мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті директорының орынбасары (2002-2003);

Қазақстан темір жолы инвестициялық саясат және жобалық қаржыландыру департаментінің директоры (05.2003-10.2003);

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарушы директоры (10.2003-05.2006);

«ҚДБ-Лизинг» АҚ басқарма төрағасы (05.2006-03.2008);

«Қазтеміртранс» АҚ президенті (04.2008-07.2009);

Индустрия және сауда вице-министрі (09.07.03.31.2009.2010);

Қазақстан темір жолы АҚ президентінің кеңесшісі (06.2010-06.2011);

Қазақстан темір жолы акционерлік қоғамының логистика жөніндегі вице-президенті (09.06.2011-01.2013);

Қазақстан темір жолы акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі (01.2013);

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бас директоры, төралқа мүшесі, көлік, логистика және байланыс комитетінің мүшесі (2013-2015);

«Біріккен көліктік-логистикалық компания» ААҚ бірінші вице-президенті (2015);

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Көлік және логистика салалық дирекциясының директоры (2016-2018);

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының көліктік логистика кіші комитетінің төрағасы (05.2018-07.2020);

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы (10.07.2020 ж. бастап).

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде