{metadescription}
Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі

Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы Ресеймен шектесетін аумақтарда шегіртке үйіріне мониторинг күшейтіледі

Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткеге қарсы күрес жөніндегі орталық жедел штаб отырысында АШМ Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарынан шегірткелердің ұшу қаупі жоғары аймаққа: Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы, сондай-ақ үйірлі көші-қон жолдары өтетін Қостанай облысының Жітіқара және Денисов аудандары жатады. Ақтөбе облысы шегірткеге қарсы күрес басқармасының өңірлік орталығының штаб-пәтерін Әйтеке би ауданына көшіру туралы шешім қабылданды. 

Қостанай облысының Жангелді және Қамысты аудандарында көшпелі шегіртке үйірін жедел өңдеу үшін 21 техника жұмыс істейді. Шегірткелердің саны көбейген жағдайда қосымша техника жеткізуге дайындық бар. 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы атап өткендей, Ресей салалық ведомствосымен бірлескен қарсы іс-қимыл шаралары пысықталып жатыр. Сонымен қатар Қытай мен Өзбекстан шекарасында зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бүгінгі таңда шегіртке үйіріне қарсы қорғаныс шаралары 1,3 млн гектарға немесе болжанған алаңның 51,7%-ына жүргізілді. Италиялық прусқа қарсы химиялық өңдеу 920,6 мың гектарға немесе болжам аумақтың 44,5%-ына жасалды. Оның ішінде Қостанай облысында 184 мың гектар немесе қажетті алқаптың 84%-ы, Ақтөбе облысында – 431,5 мың гектар немесе 93%-ы өңделді.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде