Алматы облысында жоғарғы вольтты 10 станция салынады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз мәслихатында Алматы облысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасының жоспары таныстырылды.
Фото: Алматы облысы ӨКҚ
12:21 19.06.2024
Қазіргі кезде Алматы облысында электр беру желілерінің ұзындығы 22,1 мың км болса, оның 70%-ға жуығының тозығы жеткен.
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басшысының орынбасары Ракеш Байжұматовтың айтуынша, желілерді жөндеудің бірден-бір жолы – тариф құнын өсіру. Ол «тарифті инвестицияға айырбастау» жобасын іске асыру негізінде Алматы облысында қытайлық TBEA компаниясымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 10 жаңа жоғары вольтты қосалқы станция салынатынын айтты. Жоба құны 100 млрд. теңге болмақ.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!