Алматыда талапкерлер ҰБТ тапсыра алмай, тестілеу басқа күнге ауысты
Ұлттық тестілеу орталығы түлектерге хабарландыру жасады.
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
13:42 19.06.2024
«Бүгін, 2024 жылғы 19 маусымда UStudy серіктестің тарапынан техникалық ақау пайда болуына байланысты Алматы қаласында өтетін ҰБТ басқа күнге ауыстырылады. Нақты айтқанда, бірінші лек — 23 маусымның екінші легіне, бүгінгі екінші лек — 30 маусымның екінші легіне ауыстырылады. Туындаған келеңсіздік үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз» делінген ҰТО таратқан хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!