6 млн теңге алиментін төлемей қашып жүрген маңғыстаулық Қостанайда қамауға алынды
Алимент бойынша оның 6 миллион теңге қарызы болған.
Фото: Polisia.kz
13:44 19.06.2024
Оған ел аумағында іздеу жарияланып, ақыры баласына берешегін төледі. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасынан хабарланды.
Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істі сотқа жолдаған, деп жазады kazinform.
Айыпталушы сотқа келуден жалтарған.
Сондықтан, қала прокурорының өтінішімен бұлтартпау шарасы қамаққа алуға өзгертіліп, борышкерге іздеу жарияланды.
— Жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде борышкер Қостанай қаласынан табылып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта алимент бойынша берешегі толық өтелді. Қылмыстық іс қайта қаралу үшін сотқа жолданды, — дейді прокуратурадан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!