«Шымбұлақ» тау курортында Жаһандық жалпыұлттық сенбілік өтеді
TURAQTY JOL экологиялық акциясы Қазақстан азаматтарын біріктіреді.
Фото: Әлеуметтік желіден turaqty_jol
13:06 20.06.2024
29 маусымда сағат 10:00-де "Шымбұлақ" тау курортында TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқанының V мерейтойлық циклі аясында Жаһандық жалпыұлттық сенбілік өтеді. Көптеген қызығушылық танытқан адамдарды жинайтын іс-шараның мақсаты - жастардың экологиялық мәдениетін арттыру арқылы туған өлкенің және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту.
Жаһандық сенбілік - эконауқанды жүзеге асырудың маңызды кезеңі болып табылады. Оның айрықша ерекшелігі – Қазақстанның барлық аймақтарында бір мезгілде жүзеге асыру ауқымы. Ұйымдастырушылар Алматы қаласының барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарын осы игі бастамаға қосылуға және тұрақты болашақты құруға үлес қосу арқылы өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырады.
TURAQTY JOL - бұл мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын тәрбиелік бастама.
Бұл бағдарлама - Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі Chevron компаниясы, сондай-ақ “Шымбұлақ” тау курортымен ынтымақтастықта табысты жүзеге асырылған жобаның төрт циклінің жалғасы болып табылады.
Жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi Ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі қолдауымен өткізіледі.
Жобаның ақпараттық серіктестері: Alash Media Group және NurMedia холдингтері.
Науқан аяқталғаннан кейін жиналған қоқыс қайта өңдеу үшін жергілікті компанияларға беріледі. Ұйымдастырушылар жаһандық жалпыұлттық сенбілік еліміздің барлық аймақтарында тазалық пен экологиялық әл-ауқатқа ұмтылу үшін бірнеше мың адамды біріктіреді деп күтеді.
Жиналу орны мен уақыты: "Шымбұлақ" тау курорты сағат 10:00-де.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!