Көлік вице-министрі Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына түсінік берді
Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстары беекітілген уақыт аралығында аяқталады.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
14:19 20.06.2024
Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтты. Сенаттағы баспасөз мәслихатында тілшілер Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына қатысты сұрады.
Өз кезегінде М. Қалиақпаров бұл нысанға Abu Dhabi Ports атты жеке инвестор келгенін еске салды.
«Ол әлемдегі 15 әуежайға иелік етеді, халықаралық тәжірибесі айтарлықтай жоғары. Техникалық және қаржылық аудит жасалды. Содан кейін онда ұшып-қону жолағын жөндеу керек болды. Сондықтан инвестор өз қаржысы есебінен жөндеп жатыр. Бұл – уақытша құбылыс. Жақында жөндеу аяқталып, әуежай штаттық режимде жұмыс істейді. Жұмыс уақытында аяқталады», - деді вице-министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!