{metadescription}
Бала туу деңгейі төмендеуіне орай ұлттық төтенше жағдай жариялады

Бала туу деңгейі төмендеуіне орай ұлттық төтенше жағдай жариялады

Корея Республикасы халық санының азаюына байланысты ұлттық төтенше жағдайға тап болып отыр және ел билігі бұл қауіпті еңсеру үшін кешенді шараларды күшейтуде. Бұл туралы ел президенті Юн Сок Ёль мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Бүгін мен ресми түрде ұлттық демографиялық төтенше жағдай жариялаймын. Біз туу деңгейінің төмендігі мәселесі шешілгенше жалпыұлттық кешенді әрекет ету жүйесін қолданамыз», — деп келтіреді Yonhap агенттігі президенттің сөзін.  

Агенттіктің жазуынша, ел басшысы пессимистік болжамдар аясында республика халқы «үрдіс өзгермесе, ақыры қырылып қалуы мүмкін» деген мәлімдеме жасады.

Соңғы онжылдықта ел билігі туу деңгейін арттыру үшін түрлі ынталандыру шараларын қолданды, бірақ тұрғын үйдің жоғары бағасы, білім беру шығындары және ұзақ жұмыс уақыты сияқты факторлар азаматтардың отбасын құруға деген ынтасын төмендетіп отыр, деп жазды Yonhap.

Президент саясаттың үш басым бағытын атады: икемді жұмыс уақытын енгізу, бала күтімін қолдау жүйесін жетілдіру және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. 

Атап айтқанда, билік 2027 жылға қарай (Юн Сок Ёльдің президенттік мерзімі аяқталатын жыл) бұл құқықты пайдаланатын ата-аналардың үлесін қазіргі 7%-дан 50%-ға дейін ұлғайту мақсатымен декреттік демалыс ережелерін жұмсартып, оны әкелерге ұзартуды жоспарлап отыр. 

Жұмыс берушілерге декреттік демалыстағы қызметкерлерді ауыстыру үшін уақытша жұмысшыларды жалдауға субсидиялар беріледі.

Балалы отбасылар жеңілдетілген ипотекалық шарттар мен кеңейтілген салық жеңілдіктеріне ие болады, ал құрылыс компаниялары жаңа пәтер сату кезінде қазіргі 18 пайыздың орнына жаңа үй-жайдың 23 пайызын жас жұбайларға бөлуге міндетті.

Сонымен қатар, салалық министрлік құрылады, ол әзірге «Демографиялық стратегияны жоспарлау министрлігі» аталып отыр. 

Ведомство демографиялық проблемаларды, соның ішінде туу деңгейінің төмендігін, қарттар және көші-қон саясатын жеңу стратегияларын әзірлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде