{metadescription}
Бас прокуратура Айдос Садықовты өлтірмек болғандарды табу үшін тергеу бастады

Бас прокуратура Айдос Садықовты өлтірмек болғандарды табу үшін тергеу бастады

Қазақстанның Бас прокуратурасы Киевте қастандыққа тап болған қазақстандық журналист Айдос Садықов ісінің мән-жайын айтып берді. 

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен 18 маусым күні Киевте Айдос Садықовтың өміріне қастандық жасау фактісі бойынша ҚР Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу бастаған. 

«Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды. Ол қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел іздестіру шараларын жүргізеді», - дейді ведомстводан. 

Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды. 

Еске сала кетейік, 18 маусымда Киевте тұратын журналист Айдос Садықовты үйінің жанында әлдебіреулер атып кетті. Ол қазір ауруханада жатыр.

Украина прокуратурасы екі күдіктінің сол күні-ақ шекараны кесіп өтіп, елден кетіп қалғанын хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.