Павлодар қаласының көп бөлігі сусыз отыр
Су жүйесіндегі сорғы стансасында ақау шығып, су беру жұмыстары шектелген. Жауапты мекеме апатты жою шараларын атқарып жатыр.
16:13 21.06.2024
Бүгін түске қарай Павлодар қаласының көп бөлігінде су жоғалып кетті.
Онсыз да аптап ыстықта қапырық пәтерде күйіп отырған тұрғындар 109 операторына хабарласып, ауызсудың жоқтығына жаппай шағымданып жатыр.
«Ауызсуды көтеретін алғашқы сорғы стансасын электрмен жабдықтау жүйесінде ақау шығып, қондырғылар тоқтап қалды. Салдарынан ауызсу қысымы төмендеп, қаланың көп бөлігіне су жетпеуде. „Павлодар Водоканал“ ЖШС сорғы жабдықтарын қайта қосумен шұғылданып жатыр. Кешке дейін сумен қамту толыққанды жұмыс істей бастауы керек», - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімдігінен.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!