{metadescription}
Екібастұздағы көмір кенішінде конвейер өртенді

Екібастұздағы көмір кенішінде конвейер өртенді

Оқиға «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясына» қарайтын «Шығыс» кенішінде болған. Тілсіз жауды сөндіруге 3 арнайы техника мен 12 адам жұмылдырылды.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, Екібастұздың «Шығыс» көмір кенішінде көтергіш конвейердің таспасы өртенген.

«Өрт № 2 кен шығару учаскесінде, көмірді сыртқа беріп тұратын конвейердің екі жерінде шыққан. Оқиға орнында кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің үш техникасы мен жеке құрамнан 12 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, кеніштің екі су тасығыш көлігі, ерікті өрт сөндіру жасағы жіберілді. Жалын толықтай өшірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді департаменттен.

Тілсіз жаудың шығу себептері анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.