Ақтөбе облысында дельтаплан апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмысты орындау барысында «Самғау АГРО» ЖШС тиесілі дельтаплан ұшу аппараты апатқа ұшырады.
14:06 22.06.2024
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, дельтаплан ұшқышы қаза тапқан.
«Бұл оқиға бойынша ҚР Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды. Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді», - дейді комитеттен.
Сондай-ақ кеше, 21 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылының маңында ұшу барысында «Самғау АГРО» ЖШС тиесілі Ан-2 әуе кемесі жерге қатты екпінмен қонған.
Бортта екі адамнан тұратын экипаж мүшелері болды. Зардап шеккендер жоқ.
Авиациялық оқиғаларды тергеу жөніндегі қағидаға сәйкес бұл оқиға да авиациялық апат ретінде қаралады.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары