{metadescription}
Астанада көпқабатты үйден шыққан өрт қаупі жойылды

Астанада көпқабатты үйден шыққан өрт қаупі жойылды

Төтенше жағдайлар министрлігі 22 маусымда Астанадағы "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы жанындағы элиталы көпқабатты тұрғын үй кешенінде өрттің таралу қаупі жойылғанын нақтылады.

Ведомствоның мәліметінше, өрт шалған аумақтың алдын ала ауданы 180 шаршы метрді құрайды.

"Өрттің таралу қаупі жойылды. Қызыл жалын шарпыған аумақтың алдын-ала ауданы 180 шаршы метрді құрайды. Өртті жоюға жеке құрамнан 87 адам және 19 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ ТЖМ бөліскен видеода алдында будақтаған түтіннің тарс тыйылғаны байқалады.

ТЖМ аталған тұрғын үй кешенінен эвакуацияланған сегіз адамның тек біреуі медициналық көмекке жүгінгенін нақтылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде