БҚО-да 4 адам қаза тапқан жол апаты: Екі адам санавиациямен Оралға жеткізілді
Батыс Қазақстан облысында Самара-Шымкент жолында болған жол апатынан кейін екі адам Оралға жеткізілді.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
13:43 23.06.2024
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы тұсында болған жол-көлік оқиғасы жөнінде 22 маусым күні сағат 07.54-те шақырту түскен.
«Қоскөл ауылынан жедел медициналық жәрдем бригадасы барған. Жол апатынан 4 адам көз жұмса, 1977 және 1952 жылғы әйелдер Сырым аудандық ауруханасына, кейін санавиациямен облыс орталығына жеткізілді. Қалалық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылған 72 жастағы әйелдің жағдайы орташа ауыр. Нейрохирургия бөлімшесіне орналастырылған 47 жастағы әйелдің жағдайы ауыр», — деп хабарлады ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!