Өскеменде тәтті сақталған алып қойма өртенді
Өскеменде ірі қойма өртенді. 1500 шаршы метрді шарпыған жалынды ауыздықтауға пойыз тартылған.
Фото: видеодан кадр
08:04 25.06.2024
Бүгін Қазақстанның шығысында өрт сөндірушілер ангар үлгісіндегі қоймадағы өртпен арпалысты, деп жазады kazinform.
Алдын ала мәлімет бойынша, Өскемен қаласында кондитерлік өнімдер жанған. Түнгі 12-ден өткенде ғана тілсіз жауды өшіру мүмкін болды.
Оны ауыздықтауға ШҚО төтенше жағдайлар департаментінен 16 техника, 40-тан астам адам, сондай-ақ Қазақстан темір жолының өрт сөндіруші пойызы жұмылдырылған.
ШҚО ТЖ департаментінің бастығы Рашид Бляловтың айтуынша, ешкім зардап шекпеген. Өрттің алдын ала себебі — құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!