Үкімет басшысы: 1 қыркүйекке дейін жылу орталықтары отынмен қамтамасыз етілсін
Үкімет басшысы Олжас Бектенов алдағы жылыту маусымына дайындық барысының баяу жүріп жатқанын айта келе, бірқатар тапсырма берді.
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы
11:32 25.06.2024
«Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері өңір әкімдіктерімен бірге жылу көздері мен желілеріне жөндеу жұмыстарының уақытылы әрі сапалы жүргізілуіне бақылауды күшейтсін. Екіншіден, аталған екі министрлік пен өңір әкімдіктері 1 қыркүйекке дейін барлық жылу-электр орталықтары мен қазандықтарын отынмен қамтамасыз етсін. Үшіншіден, 15 қыркүйекке дейін орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде, ал қалған өңірлерде 15 қазанға дейін барлық инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің жаңа жылыту маусымына толық дайындығын қамтамасыз етіңіздер», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!