{metadescription}
Атырау облысындағы Мұқыр ауылында бұршақ жауып, көшелерді су басты

Атырау облысындағы Мұқыр ауылында бұршақ жауып, көшелерді су басты

Атырау облысындағы Мұқыр ауылында бұршақ жауды. Соңынан жаңбыр сіркіреп, нөсерге ұласты.

Мұқыр – Қызылқоға ауданындағы ірі елді мекеннің бірі. Аудан орталығы – Миялы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 105 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл ауылдың маңынан Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы пойыз қатынайды. Елді мекеннің үстімен теміржол өтеді.

«Бүгін түс мезгілінде ауылда алдымен бұршақ жауды. Бұршақтың соңынан жаңбыр жауып, нөсерге ұласты», -дейді Мұқыр ауылдық округінің әкімі Азамат Жақсиев.

Округ әкімінің айтуынша, жаңбыр жарты сағатқа жуық жауған. Табиғаттың тосын құбылысынан ешкім зардап шекпеген. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бүлінбеген. Қазір бұл ауылда 2021 жылғы санақ бойынша 3335 адам тұрады. Ауыл оқушылары екі мектепте білім алады. Мектептің бірі 1941 жылдан бері жұмыс істейді. Кейін 1969 жылы 536 орындық жаңа ғимаратқа көшірілген. Ал, екіншісі – 424 оқушыға арналған білім ордасы 2021 жылы пайдалануға берілген. Сондай-ақ, «Алтын кілт» балабақшасы бар.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.